jasqazaq.kz

Нью-Йорктен орта санаттағы тұрғындар жаппай көшіп жатыр

27 желтоқсан 2018, 15:28

Халық санағының соңғы қорытындысына сәйкес, Нью-Йорктен орта санаттағы тұрғындар кетіп жатыр. Қаладан бір күнде шамамен 100 тұрғын кетіп жатыр, — деп жазады New York Post.

Сарапшылардың мәліметінше, мегаполисте мұндай жаппай көші-қон шаралары Ұлы депрессия жылдары (1930) болған. Басты себеп — тоқтаусыз салық жүктемесі, жалақының төмендеуі және тұрғын үйдің қымбаттауы. Осының барлығы заманауи технологиялардың белсенділігі аясында болып жатыр. «Бай адамдар әрмен қарай байып жатыр, кедейлер де байып жатыр, бірақ орта санаттағы деңгейге жетті деуге болмайды», — дейді экономист Питер Эрл. Оның айтуынша, Нью-Йоркте орта санаттағы тұрғындардың табысы АҚШ-тың басқа да ірі қалаларына қарағанда әлдеқайда төмен. Америкалық экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, қазіргі уақытта Нью-Йоркте орта санаттағы (жылына 30-60 мың доллар) тұрғындардың табысының үлесі — 48 пайыз. Салыстырмалы түрде 1970 жылдары бұл көрсеткіш 61 пайыз болған. Бай адамдар үлесі — 21 пайыз, кедейлер — 31 пайыз. Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, «әлем астанасының» миллионнан аса тұрғыны өз отбасын асырай алмау қорқынышы барын айтады.

 tengrinews.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді