jasqazaq.kz

Нью-Йоркте ұсталған отандасымыз босатылды

26 қантар 2019, 18:59

Алаяқтық күдігімен Нью-Йоркте тұтқындалған қазақ қызы тергеу жұмыстары аяқталғанша бостандықта болады.

Бұған дейін «CBS» телеарнасы хабарлағандай, Нью-Йорктің полиция басқармасы Бруклинде тұратын 24 жастағы Махаббат Әбдуалиеваны тұтқынға алған. БАҚ-тың хабарлауынша, қазақстандық қызға ұсақ ұрлық, алаяқтық мақсатта өзін басқа адам деп таныстыру айыптары тағылып отыр. «Күдікті өзін риэлтор деп таныстырған және Ocean Parkway және тағы екі үйдің пәтерлерін жалға беретінін хабарлаған. Бірақ, клиенттерден алдын ала төлемді алған соң, кері байланысқа шықпаған», — делінген жаңалықта. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады. «Иә, Махаббат Әбдуалиева — шынымен де Қазақстан азаматы. Оған алаяқтық бойынша айып тағылып отыр. Адвокаттар мен консулдардың күш салуымен қазақстандық қыз босатылды. Барлық тергеу жұмыстары аяқталғанша бостандықта болады. Негізгі сот тыңдалымы наурыз айына жоспарланған», — деп жауап берді Айбек Смадияров.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық