jasqazaq.kz

Нью-Йоркте метро пойызы рельстен шығып кетті

21 қыркүйек 2020, 10:50

Нью-Йоркте метро пойызы жолға тасталған белгісіз затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен. Бұл туралы abc телеарнасына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Келеңсіз жағдай Манхэттеннің Челси ауданында жексенбі күні таңертең, шамамен 08:15-те болған.

135 адам эвакуацияланды. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

«Солтүстікке бағыт алған пойыз 14St-8th Av станциясынан шыққан бетте пойыз жол полотносында жатқан затқа соқтығысып, рельстен шығып кеткен», — деп мәлімдеді Нью-Йорк қаласы Көлік басқармасының уақытша басшысы Сара Файнберг.

Алдын ала деректерге қарағанда, апатқа байланысты 30 жастағы үйсіз адам ұсталған. Куәгерлердің айтуынша, ол метродағы жолға қоқыс тастаған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық