jasqazaq.kz

Нью-Йоркте коменданттық сағат енгізілді

02 маусым 2020, 10:46

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында коменданттық сағат енгізілді. Бұған аймақтағы жаппай ереуіл мен тәртіпсіздіктер себеп болды.

Афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысты халықтың наразылығы бірнеше күннен бері тыйылмай тұр. Үкімет өңірде тәртіпсіздіктің алдын алу үшін полиция өкілдерінің санын екі есеге арттырмақ. Сонымен қатар қосымша күш Манхэттен мен Бруклинге де жөнелтілетін болады.

Билл де Блазио, Нью-йорк қ. мэрі:

— Өткен түнде Манхэттеннің кейбір аудандарында тонау фактілері тіркелді. Әдетте бұл өңірде қылмыс оқиғалары тіркелмейтін. Нью-Йорк қаласында да сауда орындарын тонауға жол берілмейді. Бұл әрекетке барғандарды аямай қатаң жазалайтын боламыз.

Ел президенті Дональд Трамп тәртіпсіздікті тыю мақсатында Нью-Йорк қаласына әскер жіберді. Ақ үй басшысы «қоғамның тыныштығы үшін әскери және азаматтық ресурстардың барлығы қолданылады» деп штат губернаторларына жағдайды бақылауда ұстау үшін Ұлттық ұлан сарбаздарын тартуды ұсынды. «Ахуал тұрақталмаса, ереуілдерге қарулы күшті жұмылдырамыз», деп сес көрсетіп отыр.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

— Америкалықтар Джордж Флойдтың өліміне наразы. Менің әкімшілігім бұл оқиғаға қатысты әділдікті орнатады. Алайда, бейбіт тұрде басталған шерудің бұлай ушығуына жол берілмейді. Тәртіпсіздіктерден бейбіт халық зардап шегіп отыр. Мен ел президенті ретінде қарапайым тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Бүгін мен әр штат губернаторына Ұлттық ұлан сарбаздарын да көшеге тартуға кеңес беремін. Егер сөзіме құлақ аспай, халықтың өміріне қауіп төндірсеңдер, АҚШ-тың қарулы күштерін жұмылдырып өзім-ақ мәселені шешіп беремін.

Хабар 24

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия