jasqazaq.kz

Нью-Йоркте көпір жарылды (видео)

03 қазан 2017, 12:55

Нью-Йорк билігі ескі көпірді көпшіліктің көзінше жарып жіберді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ескі көпірді қирату сәті шоуға айналған. Тадеуш Костюшко көпірін қирату кезінде оны көруге жиналған жұртшылық үшін арнайы лоторея да ұйымдастырылған екен. Лотореяда ұтысқа ие болғандар көпірдің құлаған сәтін жақыннан тамашалауға мүмкіндік алған көрінеді.

Бұл көпір 80 жыл бойы мегаполистегі Бруклин мен Куинс аудандарының арасын жалғап тұрды.

Арнайы мамандар көпірді қиратар алдында жолдың бетіндегі асфальты мен бетон жабынын да алып тастапты.

Штат губернаторының айтуынша, Нью-Йоркте осындай автокөліктерге арналған көпір жарты ғасырдан бері салынбаған.

Енді ескі көпірдің орнына жаңа үлкен 5 жолақты көпір салынбақ. Жаңа көпірдің құрылысын 2019 жылға дейін аяқтау жоспарланыпты. Сондай-ақ жаңа көпірде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар да болады дейді мамандар. Жаңа көпірмен күніне 200 мың автомобиль өтеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде