
Нью-Йоркте белгісіз біреу көшедегі адамдарға оқ атты, деп хабарлайды NBС New York жерлігікті полицияға сілтеме жасап.
Атыс кезінде үш адам зардап шекті. Оның біреуі 18 жаста болса, тағы бірі 23-те болған. Жігіттердің аяқтары мен арқасына оқ тиіп, ауруханаға жатқызылды. Оқиға Манхэттен аудандарының біріндегі шығыс Гарлемде жергілікті уақытпен 20:00-де болған. Полиция қаскөйді ұстай алмады. Құқық қорғау органдары атыстың жергілікті қылмыстық топтармен қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.