jasqazaq.kz

Нұржан Өркешбаев: Елді дүр сілкіндіретін жаңалықтар жасайтын боламын

20 сәуiр 2018, 14:35

Ерте қартайып кеткен атыраулық Нұржан Өркешбаев елден сүйінші сұрайтындай жаңалығы бар екенін айтты. Бала кезінен терісі ерте қартайып, ел назарына түскен ол есейе келе той бизнеске мойын бұрған болатын.

«Мен қазір Мәскеуге барғалы жатырмын. Ол жақта көптен бері шақырып жүрген шаралар бар еді. Орындалмай жүрген армандарды жүзеге асырудың сәті келіп жатқан секілді. Қазір ертерек ештеңе айтпай-ақ қояйын. Амандық болса алда үлкен жаңалық болғалы тұр. 1 мамырдан бастап елді дүр сілкіндіретін жаңалықтар жасайтын боламын.
Екі жылдан бері өзінің бойдақ жүргенін айтқан Нұржан бар күшін өнерге салып жүргенге ұқсайды.

«Қазір той бизнесінде жүрмін. Сұраныс Қазақстанның барлық өңірінен болып жатады. «Менің бағам мынадай еді» деп отырған ештеңем жоқ. Халықтың бергенін алып отырмын. Асаба болып көп шыққан жоқпын. Көбіне тойларға өлең айтуға барамын», — дейді ол
Естеріңізге салсақ, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылының тұрғыны Нұржан Өркешбаев бала кезден прогерия (терінің ерте қартаюы) сырқатына шалдыққан.

2011 жылдың желтоқсанында оған «Ниссамед» емханасында екі кезеңнен тұратын кешенді косметологиялық операция жасалды.

Сол кезде дәрігерлер сыртқы қартаюдан өзге Нұржанның ағзасында ешқандай қайтымсыз процесс жүріп жатпағандығына сендірген болатын.

NUR.KZ

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді