jasqazaq.kz

Нұржан Керменбаев Жанар Хамитованың өліміне қатысты пікір білдірді

16 қыркүйек 2019, 17:00

Нұржан Керменбаев Instagram желісіндегі парақшасында отбасына тіл тигізбеуін сұрады.

«Суық хабарды естіп жатырмыз. Иманды болғай. Артық әңгіме айтып, отбасыма тіл тигізбеулеріңізді сұраймын. Кезінде «Арнау» дуэтінің экс солисті болғандықтан да маған көптеген смс, хаттар жолдануда. Сондықтан қоғамның алдында өз ойымды жазуды жөн көрдім. Нұржан сен ақша қарызсың, қайтар деп сайраңдап жүргендерге айтарым: бос сөз сөйлеп, өз бастарыңызға күнә жинамай-ақ қойыңыздар. Себебі Жанар екеуіміздің ортақ достарымыз бар. Сол кісілер арқылы Жанар менен кешірім сұрағаны бар. Мен Нұржанға жала жаптым, кешірім сұрашы менің атымнан деген еді. Қазіргі таңда мода болып кеткен хайп үшін айтқанын жеткізді. Сол ортақ достарымыз куә», — деп жазды Нұржан Керменбаев.

Қазақстандық әнші, Жанар Хамитоваға реніші болмағанын айтады. «Менің Жанарға ренішім жоқ. Сондықтан кешірудің де орны жоқ деген болатынмын. Бос сөзге әуре болғанша өз өміріміздің де соңы бар екенін ұмытпайық. Бір-бірімізге жала жауып, ғайбат айтып, күнә жинағанша, өз өміріміздің де дәм-тұзы таусылатынын ұмытпайық ағайын. Шәкәрімнің сөздері осы кезде орынды болар: Біреудің мінін тергенше, жамандығын көргенше, өз ойыңды мазалап, өз бойыңды тазалап, өзіңмен күрес өлгенше… Жанардың отбасына, ағайын-туыс, бауырларына қайғырып көңіл айтамыз. Жататын жері жайлы, топырағы торқа болғай», — деп түйіндеді әнші.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде