jasqazaq.kz

Нұржан Керменбаев экс-сүйіктісін есіне неге жиі алып жүр?

17 қазан 2017, 18:02

Осыдан 10 жыл бұрын ән әлеміне қадам басқан қара бала, бүгінде ел алдында есеп беретін жасқа жетті. Суперстар жобасы арқылы жұлдызы жанған Нұржан Керменбаев, қазіргі таңда жеке ән кешіне қызу әзірлік жүргізіп жатыр.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Бүгінде бар уақытын студияда өткізіп жүрген Нұржан, соңғы 10 жылда сан түрлі сәттерді бастан өткергенін айтады. Өйткені, қара баланы халық таныды, әндері хит-шерулердің көшін бастады, тіпті «жұлдыз ауруына» шалдыққан шақтарының болғанын да жасырмайды.

“Бір әнің хит болған кезде өзің бір не істеріңді білмей қаласың. Өз-өзіңді қалай ұстарыңды білмей қаласың деген сияқты. Олда бір пендешілік өнер адамының. Жұлдыз ауруы бар. Өзің ауада қалқып, еш нәрсе түсінбей, айналам не болып кетті дегендей болады. Ол да бір сынақ қой енді”, – дейді Нұржан Керменбаев.

Әдетте, ел алдында есеп концертін берерде, отандық шоу-бизнес өкілдері экс-әріптестерін шақыруды үйреншікті үрдіске айналдырған. Ал, «Арнаудың» алғашқы мүшесі Жанар, Нұржанның жеке кешінде бой көрсетер ме екен?!

“Жанармен мен біраз болды көріспегелі. Сол кезден бастап көріспедік деп айтсақ болады. Енді біраз нәрсе өзгерді. Ол кісі өнер әлемінен кетті. Қазір қайта жырлай беретіндей жыры да қалмады негізінде. Егер жыры болатын болса, жырлайтын едім”, – дейді Нұржан.

Нұржан бұл сұхбатын ностальгияға толтырды! Керменбаевтың «Арнауға» дейін «Перцы» тобында да ән салғаны бар. Алайда, аталмыш бойзбендтің бұрынғы әншілері, бұл күні Қапкарашканың қасында болып, қуанышына ортақтасуға құлықсыздау көрінеді.

“Өйткені үш жігіттің үшеуі үш жақта. Олардың бір ортақ уақыттарын тауып, дайындыққа уақыт бөлгізу үлкен проблема болып тұр. Барлықтарын бұғып, менің концертіме келіңдер деп мен ауыр айта алмаймын”, – деп түсіндірді әнші.

Ән әлеміндегі бұрынғы үзеңгілестерінің бұл қылығына Нұржан қапаланбайды! Өйткені, бұйра шашты қара баланы кезінде халықтың өзі таңдаған-ды! Сондықтан, «суперстарлық сері» зәулім сарайдағы жек кешінде ине шаншар жер болмайтынына сенімді.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде