jasqazaq.kz

Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты болды

13 ақпан 2019, 10:51

«Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді. Осыған байланысты жаңа сайланған әріптесімізді барша депуттардың атынан құттықтаймын», — деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. Өз кезегінде жаңадан сайланған депутат жалпы отырыс барысында ант берді. «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», — деді Н. Әлтаев. Нұржан Бауыржанұлы осыған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде