jasqazaq.kz

Нұрымбетов Қазақстанда жалақының қалай көтеріліп жатқанын айтты

17 ақпан 2020, 11:23

Халықтың табысын арттыру — бүкіл Үкімет жұмысының басым бағыты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты. Министр өз сөзінде халықтың табысын арттыру бүкіл Үкімет жұмысының басым бағыты екенін атап өтті. «2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге – 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін артты. Бұл шамамен 1,3 миллион адамға, оның ішінде 275 мың азаматтық қызметшіге тікелей әсер етті. Маусым айынан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін ұлғайды. 1 млн-нан астам азаматтық қызметші жоғары жалақы алды. Қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңгені құрады», – деді Біржан Нұрымбетов. Ол, сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында мәдениет және архив қызметкерлерінің, педагогтердің және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы тағы да орта есеппен 30 пайызға артқанын атап өтті. «Сонымен қатар, 2019 жылы 205,6 мың жұмыс беруші 1,2 млн-нан астам еңбекақысы төмен қызметкердің жалақысын орта есеппен 32,7 пайызға арттыру міндетін өз мойнына алды. Жалақыны көтеру мониторингісі үнемі жүргізіледі», – деді министр.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия