
Нұртас Адамбай тоқал алу тақырыбына қатысты ой қосты. Барлық нәрсенің жауабын исламнан табуға болады деген актер психолог, астролог, нумерологтердің ісін алаяқтық деп санайды.
Бұл туралы Бейбіт Әлібековпен сұхбаты барысында айтты.
Нұртас Адамбай Алла жаратқан ер мен әйелдің бұл өмірде өз рөлі бар деп санайды.
“Алла ер мен әйелдің өмірге келгендегі қызметін бөліп қойды. Ер адам отбасын асырауға, әйелі мен бала-шағасының киімін, тамағын тауып беруге міндетті. Тек қана құлшылық ет деген жоқ қой. Еңбек етіңдер деді. Әйел адам егер қаласа жұмыс істеуге құқығы бар. Бірақ отбасын асырауға міндетті емес. Ол ақшасын өзіне жұмсаса болады. Күйеуі одан ақша сұрап, мынаны төле деп айта алмайды. Ол әйелдің міндетіне жатпайды”, – деді Адамбай.
Актер қазіргі психолог, нумеролог, астрологтердің жұмысына наразы. Өзі де осы аталған маман иелерінің қызметіне жүгініп көрген.
“Мен психологке бардым. Мүмкін жақсы мамандар бар шығар. Бірақ мен олардың бәрін ақша жасау үшін жүрген адамдар деп есептеймін. Ол сені қайта-қайта келу үшін миға симайтын әңгімелер айтады. Мен психологтен еш пайда болмаған соң ақшамды талап еттім. Ол маған қайтармайтынын айтты. Ол психолог қой. Ол менің жағдайымды түсіну керек еді ғой. Маған ақыл айтып оырған адам ақшаға келгенде маскасы шешіліп, ұрыса бастады. Үндістанда астрологке барып көрдім. Ол үндіс те үйің болады, көлігің болады деп қуды. Сонда бұлардың бәрі ақша үшін алаяқтық істеп отырған адамдар. Сенді бәрі жақсы болады деп адамды алдайды”, – деді ол.
Нұртас мырза көп әйел алу тақырыбында ойын айтты.
“Исламда 4 әйелге дейін рұқсат етеді. Бірақ еге әділетті бола алсаңдар дейді. Алла еркектің әділетті бола алмайтынын да айтады. Одан бөлек тоқал алудың да өз талаптары бар. Сен ақшаң көп болғаны үшін ғана тоқал ала алмайсың. Өз нәпсің үшін біреудің өмірін құртуға хақың жоқ. Егер әйелің бала көтере алмаса, онымен ажыраспай-ақ ұрпақ сүю үшін екінші әйел алуға болады. Бала сүюге құқығың бар. Немесе соғыс жағдайында бір ғана ер азамат болса, 50 әйел жесір болса, алуға болады. Осындай талаптары бар”, – деді актер.