jasqazaq.kz

Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады

21 тамыз, 15:25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы терең әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық беріліп отыр. Үшінші мегаполисте жаңа өндіріс орындарын іске қосу және жергілікті өнім көлемін арттыру бағытында бірқатар жоба қолға алынған. Биылдың өзінде төрт ірі өндірістік жобаны іске қосу жоспарланған. Мұндай жобалардың қатарында сусын өндірісін кеңейту, металлургия, құрылыс материалдары және желатин өндіру бағыттары бар.

Шаһардағы кәсіпкерлік пен өндірістің қазіргі жағдайы туралы Jas Qazaq тілшісі Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сүлейменовпен сұхбаттасты.

– Биыл Шымкентте қандай ірі өндірістік жобаларды іске қосу жоспарланып отыр?

– Биыл өңдеу өнеркәсібінде бірнеше ірі жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның әрқайсысы қала экономикасына өз үлесін қосып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.Соның бірі – «КОКА-КОЛА АЛМАТЫ БОТТЛЕРС» ЖШС-нің өндіріс көлемін кеңейту жобасы. Кәсіпорында үшінші өндірістік желі орнатылып, нәтижесінде 25 жаңа жұмыс орны ашылады.Тағы бір жоба – «Vostok Trade Limited Liabiliary Partnership» ЖШС-нің қара қорғасын және мыс өндіру бағыты. Бұл жерде 40 адам жұмыспен қамтылады.Сонымен қатар «Alem Stone» ЖШС тротуарлық плиталар мен бордюрлер өндіруді қолға алып, 40 жаңа жұмыс орнын құрады.Ал «Shymkent Dehui Gelatin Ltd.» ЖШС желатин өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба аясында 100 адам жұмыспен қамтылады. Жалпы осы төрт жобаның өзі қалада 200-ден астам жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді.

– Шымкентте қазір қай өндіріс салаларына көбірек көңіл бөлініп отыр?

– Қаламыз үшін бүгінде бірнеше бағыт маңызды. Оның ішінде тамақ өнеркәсібі, машина жасау, металл өңдеу мен металлургия, химия және мұнай-химия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдарын өндіру бар.Сонымен бірге резеңке және пластмасса бұйымдарын шығару саласына да мән беріліп отыр.Айта кеткен жөн, бұл бағыттар кездейсоқ таңдалған жоқ. Біріншіден, Шымкентте осы салаларды дамытуға мүмкіндік беретін өндірістік база қалыптасқан. Екіншіден, ішкі нарықта бұл өнімдерге сұраныс бар. Үшіншіден, өндірілген тауарларды сыртқы нарыққа шығару мүмкіндігі де қарастырылған.

– Жаңа өндіріс орындарының ашылуы қала экономикасын өрлетуге септігін тигізеді ғой?

–Әрине, ең бастысы – жаңа жұмыс орындарының ашылуы және өндіріс көлемінің артуы. Кәсіпорын көбейген сайын қала экономикасы да жандана түседі.Жаңа өндірістер жергілікті өнім көлемін арттырып, кейбір тауарларды сырттан әкелуге деген қажеттілікті азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кәсіпорындар көбейсе, оның экспорттық әлеуеті де артады.Сондықтан өндірісті дамыту – тек жаңа зауыт ашу емес, ол жаңа жұмыс орындары, жаңа өнім және қаланың экономикалық мүмкіндігін кеңейту деген сөз.Шымкентте кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуға мүмкіндік бар. Сондықтан алдағы уақытта да өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тарту және жаңа өндірістерді іске қосу жұмыстары жалғаса береді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Олжас Әбдіхалық

06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)