jasqazaq.kz

Нұрсұлтан Назарбаев: Міне, көзді ашып-жұмғанша жиырма жыл уақыт өтіп кетті

05 сәуiр 2018, 15:40

Бүгін Астанада елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс басталды.

«Кеше ғана жаңа елордаға көшкен сияқты болып едік. Міне, көзді ашып-жұмғанша жиырма жыл уақыт өтіп кетті. Биыл Астананың 20 жылдығын атап өтетін боламыз. Менімен бірге сол кезде бірінші келген қатарластарым, басқа да жастардың есінде болса, біз ен далаға келдік. Бұрынғы Ақмола қаласына келдік. Жаңа қаланың орнында мидай дала, еш нәрсе жоқ болатын. Қазір келе жатқанда қаланы көргенде өзім де таңғаламын осылай болғанына. Біз ата-бабаның арманын орындап, Сарыарқаның төрінде ел ордасы Астананы салып, ол астананы әдемілеп, дүниежүзін таңғалдырып, көршілерімізді қуантатын шаһарға айналдырдық. Қысқаша айтқан осы екі-үш сөйлемнің ішінде қыруар еңбек жатыр, күндіз-түні, аязда, боранда тынбай тірлік істеген құрылысшылар, монтажшылар, қаланың ішін өңдеген адамдар және біздің де көптеген еңбегіміз бар. Сондықтан, осы 20 жылдықты қалай өткіземіз деген мәселемен биыл жиналып отырмыз. Жылда қаланың істеген шаруасын осылай кеңесте ақылға салып, әрі қарай не істеу керек екенін ақылдасамыз», — деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Baq.kz

Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам