jasqazaq.kz

Нұрсұлтан Назарбаев: Батыл менеджерлер керек

24 сәуiр 2020, 19:19

Қазақстан Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бірегей амал-әдіс керектігін мәлім етті.

Бүгін Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында іске асырылуы тиіс аса маңызды мәселерге тоқталды. Қазақпарат хабарлағандай, Тұңғыш Президент ең алдымен дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру керектігін атап өтті. Қолдаудың бәрі бизнес пен халыққа жетуі үшін әрбір теңгені қадалағау керек. Қазірдің өзінде экономиканы қалпына келтіру мен дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын бастай берген абзал. Сондай-ақ, негізгі салалар, болашақ экономикасы, қалалар мен ауылдарды, әлеуметтік сала мен қаржы жүйесі бойынша бағыттарды айқындау қажет.

Елбасы сонымен қатар, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде тиімді жұмысты жолға қою керектігін еске салды. Н. Назарбаев «Қазақстанға – бірыңғай орталықпен әрі стратегиялық және операциялық нақты жоспар бойынша басқарылатын тиімді корпорация тұрғысынан қарайтын уақыт жетті. Мемлекеттік басқарушылардың бәрі – ауыл әкімінен бастап Үкімет мүшесіне дейін өз жұмысын қайта қарап, нақты нәтижеге жетуі тиіс. Мемлекетке экономиканы қалыпқа келтіріп, жұмыссыздықты азайтып, халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауға әзір батыл менеджерлер керек» — деп атап өтті.
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы елдің дамуын уақтылы көре білу – 2020 жылғы дағдарыстан аман өтіп қана қоймай, бүкіл мемлекетті пайдаға кенелтер басымдық беретінін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Біз бұл дағдарысты еңсеретінімізге сенімдімін. Әкімдер, министрлердің бәрі де жауапты. Үкімет мемлекеттік бағдарламалар мен дағдарысқа қарсы шаралардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Бүкіл халыққа айтарым: осынау шаралар легін қолдап, бірлік танытып, ынтымақ пен тәртіп сақтау керек. Жұмыстың бәрі де халықтың қамы үшін жасалып жатыр», — деді.

Jas Qazaq — Aqparat

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия