jasqazaq.kz

«Нұрлы жер» бойынша бөлінген 53 миллион теңгені жымқырған

10 мамыр 2018, 16:41

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында бюджеттен 53 миллион теңге жымқыруға қатысы бар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлім басшысы сотталды.

«9 сәуірде «Қарақаралы ауданы тұрғын үй инспекциясының ТКШ, ЖКАЖ бөлімі» ММ басшысы 2016 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаржысынан 52 миллион теңге жымқырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Ерік Есенов. Сот үкімі бойынша, ол алты жылға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды. Сотталушының мүлкі тәркіленбейді және жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді. Сот мәліметі бойынша, 39 жастағы бұрынғы шенеунік кінәсін толық мойындап, прокурормен келісімге келген. Ол осы лауазымда 2015 жылдан бері болған. Іс материалы бойынша, әйел адам бұл іске өзінің азаматтық некедегі күйеуін тартқан. Жалған кәсіпорын арқылы тендер ұтып алып, жұмысты асырып көрсетілген бағамен жасаған. Айта кетейік, әйелдің азаматтық некедегі күйеуіне қатысты іс оның өліміне байланысты тоқтатылды. Бұл іске қатысты өзге тұлғаларға қатысты қозғалған іс бөлек қаралады. Кесілген жазаны сотталушы 5 жылдан кейін өтейді, өйткені оның емізудегі баласы бар. Сонымен қатар, сотталушыдан 19 миллион теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде