jasqazaq.kz

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 82 пәтер берілді

27 қараша 2019, 15:45

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Қостанай қаласының «Аэропорт» шағын ауданында көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 
Жаңа үйге қоныстанған 108 тұрғынға пәтер кілттерін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тапсырды. Бұл шағын аудандағы зәулім үйлердің барлығы да «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Облыс әкімі тұрғындарды ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтап, өңірде жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй бағдарламалары туралы қысқаша айтып өтті. «Күні кеше көпбалалы аналарға 82 пәтер тапсырдық. Қазір кезекте тұрған әлеуметтік санаттағы көптеген азаматтар баспанамен қамтылып жатыр. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл біз облыста 330 мың шаршы метр тұрғын үйді халық игілігіне беруді жоспарлап отырмыз. Бүгінде бұл шағын аудандағы тұрғын үй құрылысы аяқталды. Биыл мұнда 7 үй тұрғыздық. Оның біразына тұрғындар қоныстанып алды. Енді 4 үйге байқау жарияладық. Сонымен «Аэропорт» шағын ауданының құрылысы толығымен аяқталады. Бұдан кейін баспана кезегіндегі тұрғындар «Береке» және «Қонай» шағын аудандарына қоныстанады», — деді аймақ басшысы. Жалпы, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өңірге 18 млрд теңгеден астам қаржы тартылған. Бұл қаржының басым бөлігі «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ арқылы несиеге берілді. Облыс басшысы айтқандай, Қостанай облысы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республикада алдыңғы үштіктің қатарында.

inform.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда