jasqazaq.kz

Нұрлан Ұранхаев Абай ауданының тұрғындарымен кездесті

30 маусым 2022, 11:16

 

Өңір басшысы Абай ауданына жұмыс сапары аясында «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешеніне барып, бабалар рухына тағзым жасады.

Абай Құнанбайұлының мұражай үйіне барып, ондағы атқарылған жұмыстармен танысты.
Сондай-ақ, Қарауыл ауылындағы «Абай» саябағына, «Шыңғыстау» спорт кешеніне, «Бір қабатты

— Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлерге барды.
Аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

— Осында келердің алдында, жолда Бөріліге соқтым. Ол жерде негізгі жолға қосылатын 4 шақырым жолды көтеру қажет. Сол сияқты, осыдан 62 жыл бұрын салынған (1960 ж.) «Еңлік-Кебек» ескерткіші де уақыт талабына сай жөндеуден өтуі қажет деп ойлаймын. Ақшоқыға баратын 21 шақырым жолдың жағдайын білесіздер. Қонақтарымызды қасиетті қорымға қара жолмен апарған дұрыс емес. Ол жерге де асфальт төселуі керек. Жалпы, менің ойымша келешекте Семей мен Қарауылдың арасында, үлкен, төрт жолақты даңғыл жол болуы керек. Бұл жергілікті халыққа да, туристерге де, жалпы барыс-келіске өте ыңғайлы болады деп есептеймін, — деп атап өтті Абай облысының әкімі тұрғындармен кездесуде.

Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына тоқталды.

— Биыл, Ұлы Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл. Заңғар жазушының атын өшірмей, мол мұрасын насихаттау, ең алдымен, өз елімізге артылған зор жауапкершілік. Сондықтан біз, Президентіміз айтқандай, ысырапшылдыққа жол бермей, Ұлы Мұхаңның мерейтойын сапалы өткізетін боламыз, — деді Нұрлан Ұранхаев.

Жұмыс сапарының соңында Абай ауданын ұзақ жылдар бойы басқарып, ауданның өркендеуі мен дамуына сүбелі үлес қосқан Хафиз Матаевтың құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қатысты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық