jasqazaq.kz

Нұрлан Нығматулин: Шенеуніктер «ұйқылы күйде» жұмыс істейді

07 ақпан 2018, 13:05

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразиялық экономикалық одақ аясында отандық кәсіпкерлерді қорғауы тиіс интеграциялық органдардағы шенеуніктердің жұмысын сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларға қатысты субсидияларды Еуразиялық экономикалық комиссиямен ерікті келісу тәртібі туралы келісім талқыланған болатын.
«Менің ойымша, ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ аясында отандық кәсіпорындарды қорғау үшін бұл субсидияларды ұсынуды нақты жоспарлау керек. Еуразиялық экономкиалық одақ ішінде бәсекелестік бар, бұл дұрыс, өйткені бұл нарық. Осы сұрақпен айналысатын біздің мамандар білікті болуы тиіс, тек біздің ғана емес, одаққа мүше мемлекеттердің экономика салаларының қыр-сырын білуі керек. Бізге министрліктердің құрылымдық бөлімдерінде ғана емес, мемлекетаралық интеграциялық органдарда да кәсіби мамандар қажет. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде біздің шенеуніктер отандық өнім өндірушілердің құқығын мен мүддесін толық көлемде қорғап жатыр деп айта алмаймыз. Егер біздің шенеуніктер осындай «ұйқылы күйде» жұмыс істеуді жалғастырса, онда отандық бизнес үлкен шығындарға ұшырайды», — деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы цемент экспортына қатысты мысал келтірді. Мәселен, қазіргі уақытта ресейлік кәсіпкерлер біздің елімізге жыл сайын еш кедергісіз 700 мың тоннаға жуық цемент әкеледі. Ал қазақстандық компаниялар Ресейге бұл өнімді экспорттай алмай, түрлі қиындыққа тап болған. Өйткені, оның айтуынша, интеграциялық органдардағы біздің еліміздің өкілдері Ресейде жаңа стандарттардың, экспортталатын цементті сертификаттаудың жаңа тәртібінің енгізілуіне қатысты уақытында іс-шараларды қолға алмаған.
«Сонда олар немен айналысады? Оларға мемлекеттік қаражат, оның ішінде салық төлеушілердің, сол бизнесмендердің есебінен ақша төлейміз», — деп атап өтті мәжіліс төрағасы.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды