jasqazaq.kz

Нұрлан Нығматулин: Осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой

28 қазан 2020, 11:46

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Экологиялық кодекстің жобасын қатаң сынға алды.

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінің отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Экологиялық кодекстің жобасын қорғаған болатын. Заң жобасы бойынша Парламет Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин пікірін білдірді.

«Заң жобасын қарасақ былай: мәселен Қарағанды облысының Ұлытау ауданының тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ал ол облыс орталығында орналасқан. Яғни, ол тіпті 5 емес, тіпті 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырымды жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Неліктен олай? Сіз кодексте (Мағзұм Мырзағалиевке қарата) «100 және одан төмен бас үшін» деп жазасыз. Оған, яғни, мал болсын, құс болсын кіреді. Ол санға 99 малды да, 1 малды да кіргізуге болады. Әлбетте бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін әсері мол екенін алдымен түсініп алу керек. Бұл норманы жазған кезде ойлану керек болатын», — деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы заң жобасын осындай нормаларын оқыған кезде «бұл норманы жазған адам ауылда болды ма?» деген сұрақ туындайтынын айтып өтті.

«Болмаған шығар. Шіркін, осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой. Сонда ғана ол адам тауық пен сиырдың айырмашылығын түсінетін еді. Қалай ойлайсыз, министр мырза? Кодексті қабылдағаннан кейін ауылға барып келіңіз», — деген Нұрлан Нығматулин екінші оқылымда осы олқылықтарды ретке келтіруді тапсырды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия