jasqazaq.kz

Нұрлан Нығматулин: Әлеует бар, өсім жоқ

24 мамыр 2019, 13:08

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанда ет пен ет өнімдерінің импорты жылдан-жылға артып бара жатқанын атап көрсетті.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына көмектесуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс төрағасы ет пен ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіш көңіл көншітпейтінін атап өтті. Себебі елімізде ет пен ет өнімдерінің импорты жылдан-жылға артып барады.»Құс еті импортының үлесі 51%-тен асады. Былтыр ол 191 мың тоннадан асқан еді. Соңғы үш жылда жылқы еті импортының да көлемі артып барады. 2016 жылы 900 тонна жылқы еті импортталса, 2018 жылы 2,5 есеге өсіп, 2 мың тоннаға жетті. Ал бізде сыртқы нарықта ірі ет эспорттаушысына айналуға барлық жағдай жасалған», — деді Нығматулин парламентік тыңдауда.
Ол ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесі төмен екенін, соның кесірінен қазақстандықтар шетелдің сарымайын, ірімшігі мен сүзбесін сатып алуға мәжбүр екенін айтты. Нығматулиннің дерегінше, Қазақстан еттің тек 33 процентін, ал сүттің 31 процентін ғана өңдейді.»Біздегі барлық өңдеуші кәсіпорынның жүктемесі әлі де төмен – 60 процент деңгейінде қалып отыр. Мәселен, Ресей мен Беларусьте осыған ұқсас кәсіпорындардың жүктемесі 80 проценттен асады. Қазақстанға импортталатын ресейлік және беларусьтік сүт өнімдері осыған дәлел», — деді Мәжіліс спикері.
Нығматулин кәсіпорындардың әлеуеті бар, бірақ өсім жоқ екенін атап өтті.
«Статистикаға талдау жасап, біздің елдің жыл сайын жалпы сомасы 45 миллиард теңгеге 6 мың тоннадан астам сарымай, 22 мың тоннаға жуық ірімшік пен сүзбе, 6 мың тоннадан астам ет консервісін импорттайтынына таңғаласың. Дәл осы өнімдерді отандық өңдеу зауыттары өндіре алады ғой, өндіруі тиіс те. Әлеует бар, өсім жоқ», — деді спикер.
«Осы орайда Нұрлан Нығматулин ел экономикасында ауыл шаруашылығы саласының орны ерекше екенін атап өтті.   «Себебі ауыл шаруашылығы саласы әрбір адамға, әрбір отбасына қатысты. Оны біз әрқашанда есте ұстауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласына әрқашан көмектесуіміз керек», — деді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда