
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты энергетика министрі етіп тағайындады.
«Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын», — деп жазылған жарлықта. 2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. Естеріңізге сала кетсек, Қанат Бозымбаевтың қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.