jasqazaq.kz

Нұрлан Мәсімов ақыры ұсталды

14 шiлде 2022, 15:52

4 айдан бері іздеуде жүрген Нұрлан Мәсімов те ақыры қолға түсті. Павлодар облыстық Полиция департаментінің экс-бастығы жалған құжатпен Ресейге өтпек болған жерден ұсталған.

Генерал Нұрлан Мәсімов Павлодар облысының Полиция департаментін екі жылдан аса уақыт басқарып, Қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған болатын. Үш айдан соң Антикор аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен оған іздеу жариялады. Тіпті, ол туралы ақпарат бергендерге 12 миллион теңге сыйақы да тағайындалған болатын. Әзірге ол ақшаның кімге бұйыратыны белгісіз.

Белгілісі — күдікті Шығыс Қазақстан облысындағы шекара бекетінде Ресейге өткелі тұрған жерінде ұсталған. Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың інісі. Қамаудағы қос генерал Мәсімовке де тағылған айыптар ауыр. Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі — Ағымдағы жылғы 13-ші шілдеде антикорупциялық қызметі шыкара қызметімен бірлесіп, жедел іздестіру шаралары нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовты ұстады. Павлодар облысы полиция департаментінің экс бастығы аса ауыр коррупциялық қылмыс жасағаны үшін іздестірілген болатын.

Ktk.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр