jasqazaq.kz

Нұрлан Ерімбетов өмірден өтті

21 наурыз 2018, 15:05

Белгілі саясаттанушы, «Самұрық-Қазына» АҚ омбудсмені Нұрлан Ерімбетов қайтыс болды. Бұл ақпаратты «Азаматтық альянс» ассоциациясының директоры Гамал Түзелбаев растады.

Нұрлан Ерімбетов ем қабылдау үшін Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығына жатқызылған.

Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов 1960 жылы 28 мамырда дүниеге келген.

1979-1983 жылдары Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында оқыған.

1985-1997 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ҚазССР Мемлекеттік мәдениет комитетінің басқарма бастығы қызметінде болды.

1997-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары «Отан» партиясы саяси кеңесінің хатшысы болды. 2006 жылдан «Мәдени майдан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарды. 2007-2010 жылдары Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының атқарушы директоры, «АйтPARK» қоғамдық-саяси интелектуалды клубының негізін қалаушы әрі модераторы болды.

2012 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы жанындағы «Әлеуметтік әріптестік орталығы» КҚ-ның бас директоры.

2013 жылдан бастап «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті болды.

Baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде