jasqazaq.kz

Нұрлан Әлімжанов қызметі туралы айтып берді

22 қантар 2020, 13:57

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актер, парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов қазіргі қызметі туралы айтып берді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының «Басты бағдарлама» жобасында айтты.

Халық қалаулысы журналистің «депутат атанғалы қандай жеңілдіктерге ие болдыңыз?» деген сұрағына өз ойын білдірді.

«Қызметке жақын жерде депутаттардың үйі бар. Бірақ ол мәңгілік үй емес. Кейбір жұрттар «Үйге қарқ болды, байып кетті» деп шатасуы мүмкін. Бірақ ондай байып кететін нәрсе емес. Бұл да кәдімгі қызмет бұл да. Мысалы, әскери қызмет сияқты. Мен бес айға депутат болдым ба, онда сол айда ғана тұра аламын. Қызметті босатқан соң, мынаны шешеміз. Ол мемлекеттікі», – деді Әлімжанов.

Сұқбат барысында ол депутат болуға ұмтылмағанын айтып өтті. Одан бөлек, жалақысы туралы да аз-кем ақпаратпен бөлісті.

«500 мың теңгенің ар-жақ бер жағы ғой. Бұрын мемлекеттік қызметте істемегенмін. Сол себепті ол да әсер етеді. Бұл жерге мен айлық үшін келмедім. Несін жасырайын, депутат болмай тұрған кезде бір жерде «әу» деп ән айтып, асаба болып бір күнде алатын айлық. Ал бұл жаңа лауазым, жаңа белес. Осының дәмін татайық. Мендегі осы қызмет арқылы ұлтыма не қызмет көрсете аламын деген мақсат», – деді халық қалаулысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұрлан Әлімжанов өзінің депутаттық қызметін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ойнаумен байланыстыратын адамдарға қатысты пікір білдірді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия