jasqazaq.kz

Нұрғалым Әбдіров Жамбыл облысының прокуроры болып тағайындалды

12 ақпан 2020, 18:05

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР бас прокурорының 12 ақпандағы бұйрығымен Жамбыл облысының прокуроры болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы тағайындалды. Нұрғалым Әбдіров 1967 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарында қызметін 1991 жылы бастаған. Бас прокуратураның үш департаментін басқарған. Олар: арнайы прокурорлар, тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменттері. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Оңтүстік Шығыс өңірлік көлік прокурорларының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары прокуратураларын басқарған. Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 28 жылдан асады. Осыған дейін Жамбыл облысы прокурорының лауазымын атқарған Құсайынов Ж.Қ. Бас прокуратураның өкіміне енгізілді.

Ақпарат көзі: prokuror.gov.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия