jasqazaq.kz

Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындады

14 қантар 2019, 11:37

«Мен өз кінәмді толықтай мойындаймын, бірақ біз алдын ала жоспарлағанымыз жоқ», — деді сотталушы Алматыда өтіп жатқан сот процесінде. Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары («Ұрлық») бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары («Адам өлтiру») бойынша айыпталып жатыр. Сонымен қатар, іс бойынша Жанар Толыбаева, және Арман Құдайбергенов өтіп жатыр.

Қылмыс 2018 жылы 19 шіледеде Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Денис Тен автокөлігінің әйнектерін Арман Құдайберген шешкен. Оның сыбайласы Жанар Толыбаева осы кезде автокөліктен жеті метр жерде тұрған. Денис Тен көлігінің жанында бөтен адамдарды көріп, Қудайбергеновтың артынан қуалаған. Құдайбергенов пен Тен төбелесе кеткен. Осы кезде Нұралы Қисясов сөмкеден пышақ алып шығып, Денис Теннің артынан барып екі реті сан артенриясына пышақ ұрған. Айта кетейік, Сұлтан Қиясов осы істе куәгер ретінде шақырылған болатын. Алайда ол жауап беруден бас тартты. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 214-бабына сәйкес, (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбiрленушiнің өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi) жауап берген жоқ. 26 жастағы Сұлтан Қиясов бауыры Денис Тенді өлтірді деп айыпталған Нұралы Қиясовтан екі жас үлкен. Осыған дейінгі сот тыңдалымында сотталушылардың бірінің құрбысы Жайна Ізтілеуова Денис Теннің өлімі болған күні Жанар Толыбаеваның, Нұрлан Қиясовтың және Арман Құдайбергеновтің немен айналысқанын айтып берген болатын. Ізтілеуова 19 шілдеде күндізгі уақыта Нұралы Қиясовтың бауыры Сұлтанның үйінде болғанын айтты. Сұлтан бауырын тауып, Жайнадан Жанар Толыбаеваға хабарласауын сұраған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер