jasqazaq.kz

Нұралы Әліп ресейлік тілшілерге қазақша сұхбат берді (Видео)

15 ақпан 2022, 15:25

Санкт-Петербург қаласының командасы қазақстандық қорғаушыны жалға алмақ. Сосын ұнап жатса толыққанды келісім-шарт ұсынуы мүмкін. Футболшының Ресейге ауысуына «Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаевтың көмегі тиген. Ол «Зенит» клубының басшысымен жақсы қарым-қатынаста. Сондай-ақ екі команданың бапкерлері де бір-бірін жақсы таниды. Яғни «Қайраттың» бас жаттықтырушысы Құрбан Бердыев «Зениттің» қазіргі бапкері Сергей Семақтың ұстазы.

«Зенит» Нұрәлі Әліпті алдымен оқу-жаттығу жиындарына шақырған. Біріккен Араб Әмірліктері және Португалиядағы жиынға қатысты. Жолдастық матчтарда қорғаушы болса да, гол соғып, бапкерлердің көңілінен шықты. Атап айтсақ, Данияның «Митьюлланд» және «Брондбю» командаларымен кездесуде мергендік танытты.

Жақында футболшы ресейлік журналистің сауалына аудармашы арқылы қазақ тілінде жауап берді. Оның бұл әрекеті отандық жанкүйерлерге ұнағаны жасырын емес.

Нұрәлі еліміздің батысындағы Ақтау қаласында дүниеге келген. Ата-анадан ерте айырылған. 10 жасында әкесі, 12 жасында анасы жүрегі ұстап дүниеден өткен. Сол тұста аға-жеңгесі бауырына қамқорлығына алған. Ол футболға бармас бұрын алдымен еркін күреспен айналысыпты. Кейін үйінің қасында футбол секциясы болып, соған жазылған. «Қайраттың» скауттары жас футболшыны 2015 жылы байқап, Алматыға шақырған.

Нұрәлі «Каспий» клубында шабуылшы болған. Ал қорғанысқа тек Алматыға келген соң, ойнай бастаған.

exk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде