jasqazaq.kz

Нұра өзенін ластағандар жауапқа тартылады

12 ақпан 2020, 14:06

Теміртау қаласындағы №1 су электр станциясында апат болып, күл аралас қалдық су Нұра өзеніне аққан, деп хабарлайды «Хабар 24». Оны жергілікті тұрғынның бірі байқап қалып, әлеуметтік желіге жүктепті. Осыдан соң экологтар оқиға орнына шұғыл жетіп, өзеннен сынама алады. Енді мамандар алдағы 5 күн ішінде Нұраның ластану деңгейін анықтамақ. Ал қазір өзенге кетіп жатқан өндіріс қалдығы тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, электр станциясынан шығатын күлді жел көтермес үшін сумен араластырып, полигонға жібереді. Алдын ала жасалған болжам бойынша, қатты аяздың салдарынан сол сұйықтық ағатын бетон қабырғасы шытынап, лас су өзенге кеткен.

Әлібек Бекмұхаметов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

– Лабораторияның мамандары судың құрамасын алды. Қазір зерттеу жасалып жатыр. Судың нәтижесі мен сараптамасы дайын болған соң «Базис групп» мекемесіне шара қолданамыз.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия