jasqazaq.kz

«Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды

01 наурыз 2022, 11:51

Қытаймен шекарада «Нұр жолы» кеден бекетінің бірқатар шенеуніктерінің қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 ақпанда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, Бас прокуратураның Қытаймен шекарадағы ішкі тергеу басқармасымен бірлесіп, «Нұр жолы» кеден бекетінде бірқатар шенеуніктердің қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:

Қадағалау органының қызметкеріне 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісі анықталды. Оны дәл қылмыс үстінде ұстап, тиісті құжат толтырылды.

Осы факті бойынша «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі:

Бұл ретте инспекторларға 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп, аса ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі ұсталды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде