jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтандық келіншек адам шошырлық суреттерін жариялады

14 шiлде 2020, 17:55

Нұр-Сұлтандық келіншекті бұрынғы күйеуі соққыға жығып, әйел ауруханада жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Әлеуметтік желідегі nemolchi.kz парақшасы Нұр-Сұлтан тұрғынының қандай ауыр зардап шеккені туралы жазба қалдырып, қалалық полиция департаментінің басшысына жүгінген.

«Құрметті Ержан Сапарбекұлы, Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Козгамбаев Қанат Қайратұлы 05.08.1985 ж.т. өзінің бұрынғы әйелін соққыға жыққан. Келіншектің жұмысына келіп, бірнеше рет сыртқа шығуын талап еткен. Әріптестерінің алдында өзін ыңғайсыз сезінген ол сыртқа шыққан кезде, бұрынғы күйеуі әйелді көлікке мәжбүрлеп отырғызып, алып кетеді. Қарағанды ​​тас жолында келе жатып, ол оны ұра бастаған. Әйел қарсы тұрып, терезені сындыруға тырысады. Алайда ер адам келіншекті пышақтайды. Әйел 8 жерінен пышақ жарақатын алды. Өлімше күйіндегі әйелді жолдың бойын тастап, кетіп қалған», — делінген жазбада.

Күйеуі қатты сабаған келіншектің жағдайын ескерместен, тергеушілер де қысым көрсеткен көрінеді.

«Қазір келіншек полицияға түсініктеме беріп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері әйелді медициналық халатымен ауруханадан алып кеткен. Тергеушілердің бірі Оспанов Әлихан қызға қысым көрсетіп, қызды опасыздық жасады деп айыптайды. Келіншектің жарақат терең емес, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деген қорытынды шығарылған», — дейді олар.

Отбасы осыдан бір ай бұрын ажырасып кеткен. Алайда, ер адам бұрынғы әйелін соққының астына алуды тоқтатпаған.

«Үнемі соққыға жығады деген айыппен бұл отбасы 2020 жылдың қаңтарында ажырасуға өтініш берген. Отбасын сақтап қалу мақсатында сот отырысы кейінге қалдырылып, тек 9 маусымда ерлі-зайыптылар ажырасқан. Мәселеге қатысты шара қолдануыңызды сұраймыз, істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша қарастырылуын талап етеміз. Сонымен бірге тергеуші Оспанов Алиханға қатысты шара қолдануыңызды сұраймыз», — дейді олар.

Бұл іске қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар істі бақылауға алғандығын алдыға тартады.

«Қазіргі таңда бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Істі әйелдердің құқығын қорғау басқармасына жолдадық. Қазір жауап күтіп отырмыз. Іске қатысты нақты ақпарат жоқ, оқиғаны бақылауымызға алдық», — Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия