jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтандық әйел 2 жасар қыздың телефонын тартып алған (Видео)

14 қазан 2021, 15:49

34 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны 2 жасар баланың қолындағы телефонын тартып алған. Әйелдің ұрлық жасаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Литер» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, елордалық қонақүйлердің бірінде әкімші болып қызмет атқаратын әйел шағым түсірген. Ол жұмыс орнында болған кезде өзінің 2 жасар қызына смартфонын ұстатып, екінші қабатқа көтеріліп кеткен.

Осы аралықта белгісіз әйел оның қолындағы телефонын тартып алған.

Ұрлық сәті видеоға түсіп қалды. Кадрдан баланың тепешек арқылы көтеріліп бара жатып, әйелмен кездесіп қалғаны көрінеді. Күдікті қыздың қолынан телефонды көріп, тартып алған.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер қылмыстық іске қонақүйдің бұрынғы клиенті барғанын анықтап, қолға түсірді.

34 жастағы әйел бұрын да сотталған болып шықты. Телефон иесіне қайтарылып, аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің «ұрлық» бабы бойынша іс қозғалды.

Полиция департаменті кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды өтінді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия