jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтандағы жаппай төбелес: футболшылар полицияға жеткізілді

13 қыркүйек 2021, 17:11

Нұр-Сұлтанда футбол алаңындағы жаппай төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құқық қорғау органдары мәліметінше, төбелес 11 қыркүйекте Тұран даңғылындағы «Сайран Арена» футбол алаңында SanSet және «Барыс» әуесқой клубтары арасындағы матч кезінде болған.

«Ойын кезінде жанжал шығып, арты төбелеске айналды. Полицияға бұл факт бойынша ешқандай мәлімдеме түспеді. Алайда жанжалға қатысушының бәрі анықталып, Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар шешім шығару үшін сотқа жіберілді», — деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқиғаға қатысушылармен «профилактикалық әңгіме» жүргізілгені айтылды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда футболшылар арасында жаппай төбелес болып, салдарынан бір ойыншы басынан соққы алып, есінен танып қалғаны хабарланған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде