
Нұр-Сұлтандағы «Көркем Tower» тұрғын үй кешенінде төтенше жағдай болды.
Тұрғын үйге мұнаралы кран құлаған. Алдын ала болжам бойынша зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Qazaqstan ұлттық телеарнасы хабарлады.
Апат болған орынға құтқарушылар мен өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті қызметкерлері шықты.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.