
Елордада жол ортасында төбелескен көлік жүргізушілері жазаланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның хабарлауынша, Газель мен Mercedes жүргізушілері арасындағы төбелес Бөгенбой батыр даңғылының бойында болған.
Жанжалдың себебі — олардың ұятсыз қылық танытып, бір-біріне жол бермеуі. Төбелестің барлық қатысушылары анықталып, полицияға жеткізілді, деп хабарлады полициядағылар.
«Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұр-Сұлтан қалалық полициясы жүргізушілерге қоғамдық тәртіпті бұзбауды, төтенше жағдай туғызбауды және көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтірмеуді ескертті.