jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтандағы карантин қайтадан күшейтілуі мүмкін

17 мамыр 2020, 17:46

Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі сапасын бақылау комитетінің елордалық департаментінің басшысы Зекен Исақов карантиндік шаралардың қайтадан күшеюі мүмкін екендігін мәлімдеді.

«Көптеген тұрғындардың маска тағу тәртібін бұзып жатқанын көріп отырмыз. Коронавирус індеті басталған сәттен бері маска тағудың маңызды екенін айтып келеміз. Оның үстіне, соңғы кездері ауру жұқтыру жағдайы жиілеп кетті. Ресми таксопарк қызметкерлері де, қоғамдық орындағы тұрғындар да маска тағу режимін ұстанбайды. Сондықтан барлық сұхбаттарымызда маска тағу қажеттігін айтып жүрміз», — деді Зекен Исақов.

Сонымен бірге, спикер елордада карантиндік шаралардың күшеюі мүмкін екендігін айтты.

«Маскалық режимді ұстанбаудың ақыры бұрынғы позицияға қайта оралуға әкеп соғады. Демек, Нұр-Сұлтанда қайтадан карантиндік режимді күшейтуге мәжбүр боламыз. Бұл ең алдымен медициналық қызметкерлерге емес, тұрғындардың өз жауапкершілігіне байланысты болмақ. Санитарлық нормаларды сақтамаудың өзі карантиндік шараларды күшейтуге себеп бола алады», — деді Зекен Исақов.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия