jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтандағы арнайы операция барысында, есірткі сататын топ ұсталды

26 қазан 2020, 11:46

Елордада арнайы операция барысында есірткі сатушылардан құралған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Қарасора-2020» жедел алдын алу шаралары барысында есірткінің заңсыз айналымының тұрақты каналы жойылып, елордаға есірткі жеткізіп, сатып келген қылмыстық топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Олжас Жарылғапов мәлім етті.

«Алдымен есірткі сатып, бұрын сотты болған 27 жастағы күдікті елорда аумағында дәл осындай қылмыспен қайта ұсталды. Оның көлігін тінту кезінде ұсталған адам сатуға дайындаған, жалпы салмағы 500 грамнан асатын, оралған гашиш салынған сіріңке қораптары тәркіленді. Сондай-ақ, көліктің ішінде бұрын сотталған 24 жастағы азамат болған. Одан да тексеру кезінде гашиш тәркіленді. Олармен қатар полиция қызметкерлері елордаға есірткіні жеткізіп тұрған негізгі тасымалдаушы ұсталды. Ол – бұрын сотты болған Жамбыл облысының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның пәтерін тінту барысында оқтары бары травматикалық қару, есірткі себілгені анықталған электронды салмақ өлшеуіш және есірткі қабылдауға арналған құрал табылды. Сондай-ақ 2 миллион 150 мың теңгелік қолма-қол ақша, гашиш оралған үш полиэтиленді пакет, сатылуға дайын есірткі толтырылған 265 сіріңке қорабы тәркіленді», — дейді Олжас Жарылғапов.

Арнайы операцияны жүргізу барысында заңсыз айналымнан 6 келі есірткі (3 мың реттік гашиш дозасы – қара нарықтағы бағасы 9 млн теңге) алынды. Қазір ұсталған адамдар Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кінәлары дәлелденген жағдайда олар 7 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия