
Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында жұмысшылар төбелес шығарды.
Елордалық полиция баспасөз қызметі мәліметінше, төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде анықталған.
«Оқиға 6 тамызда күндіз Қалдаяқова көшесіндегі құрылыс алаңында болғаны анықталды. Құрылысшылар арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан», — деді Нұр-Сұлтан ПД өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілген. Оқиға болған сәтте 102 нөмірі бойынша шақырту түскен жоқ.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Tengrinews.kz