jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда жаңбырдың жарты айлық мөлшері жауған

16 маусым 2020, 14:01


Нұр-Сұлтанда бір түнде жаңбырдың жарты айлық мөлшері жауды.

Бұл туралы  қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.

Қазгидрометтің мәліметінше, 16 маусымға қараған түні 22 миллиметр жаңбыр жауды, ал айлық мөлшер – 37 миллиметр.  «Бұл айлық мөлшердің жартысынан көбі. Жауын-шашын суын сорғытуға 100-ден астам арнайы көлік жұмылдырылды, олар ассенизаторлық көліктер, мотопомпалар, су сору құралдары. 150 мың текше метрден астам су сорғытылды. Қала көшелерін су басуына жол бермеу үшін әкімдік нөсерлік кәріз құрлысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Мысалы, Б.Момышұлы даңғылы қаладағы проблемалы учаскенің бірі. Аталған учаскедегі су басу проблемасы биылғы жазда шешімін табады — көшеде нөсерлік кәріздің магистральдік коллекторының құрылысы жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Аталған кәріздің ұзындығы шамамен 500 метр, басы Дауылпаз көшесінен басталып, Елім-ай көшесіне дейін жалғасады (Б.Момышұлы даңғылы бойында) екен. Осылайша, аумақта жауын-шашын кезінде су басу мәселесі толығымен шешіледі, — дейді әкімдіктегілер.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық