jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда тілші өліміне қатысты сот үкімі шықты

24 сәуiр 2019, 14:10

Сарыарқа аудандық соты журналист Ирина Бекетованың өліміне қатысты үкім шығарды. Тілшіні соққыға жыққан азаматтық некедегі жолдасы Анатолий Гусеинов 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған сот залында кісен салынды.
Гусеинов ҚР Қылмыстық кодексінің «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабы бойынша кінәлі деп танылған еді. Алайда, адвокат Бауыржан Азанов пен марқұмның туыстары істі «Кісі өлімі» бабымен қарауды өтінді.
Айта кетейік, былтыр күзде Ирина Бекетованың азаматтық некедегі жолдасы Анатолий Гусеинов оны подъезде соққыға жыққан болатын. Қатты соққы салдарынан журналист оқиға орнында көз жұмады.
Иринаның артында кәмелетке толмаған төрт баласы қалды. Алғашқы некеден екі баласы бар, олардың бірінің мүмкіндігі шектеулі. Ал Гусеиновпен ортақ егіз баласы бар.
Сот Анатолий Гусеинов Ирина Бекетованың кәмелетке толмаған төрт баласы мен оларға қарап қалған анасы және бауырына бір миллионнан өтеу керек деп шешті. Сонымен қатар, сотталушы өзге де шығындарды қайтару керек.
Судья жәбірленуші тарапқа азаматтық іс аясында жерлеу, садақасы секілді материалдық шығындарды өндіруге болатынын түсіндірді.
Айта кетейік, Ирина Бекетованың нақты неден өлгенін анықтау мақсатында денесіне эксгумация жасалған болатын. Гусеинов алғашқыда тек салып қалғанын, өлтіру ойында болмағанын жеткізген еді.
Қайта жасалған сот-медициналық сараптамасы Иринаның мойын және қабырға сүйектері сынғанын дәлелдеді.
Осыған орай судья Әділет министрлігіне қарасты сот-медициналық сараптама орталығының сарапшысы Иринаның денесіне алғашқы кезде тиісті деңгейде сараптама жасамағаны үшін жеке анықтама шығарды.
Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізу процестерінде заң бұзушылықтарға жол берген астаналық полиция қызметкеріне қатысты жеке анықтама шығарылды. Оған шара қолдану жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшылығына ұсыныс жасалатын болды.
Сот үкімі заңды күшіне енбеді. Тараптар алдағы 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады.

Марат Төлепберген

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде