jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда тағы бір ер адам лифт панелін сындырғаны үшін жазаланды

29 маусым 2021, 18:15

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт панелі мен пошта жәшігін сындырған ер адам қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 25 жастағы қала тұрғыны сүйіктісімен жанжалдасып қалғаннан кейін лифт панелі мен пошта жәшігін сындырған. Ер адам ұсталды.

«Ер адамның бұзақылық әрекеті кіреберісте орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды», — деді полиция департаментінің өкілі.

 Сот шешімімен тәртіп бұзушы әкімшілік қамауға алынған.

Бұған дейін елордада осыған ұқсас оқиға болғаны хабарланған еді. 19 маусымда полиция тұрғын үй кешенінің лифтінде мониторды бұзған ер адамды ұстады. Сот шешімімен оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын.

Кейін бұл жағдайға ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді.

«Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекет үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Мұндай жағдайларға мүлдем төзбеу керек. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек», — деді Президент.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия