jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда табиғи газдың тарифі 45 теңге болып бекітілді

17 қыркүйек 2020, 15:53

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі газ тарифінің бекітілгенін жариялады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде газ жүргізу барысы, ұзаққа созылған нысандар құрылысы, тұрғын аудандарда жүргізіліп жатқан жұмыстар, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру шаралары және қаланың дамуы туралы айтты.

Оның сөзінше, егер бұрын газдың текше метрі — 60 теңге болса, әкімдік орталық уәкілетті органдармен бірге ақшаны үнемдеу мақсатында оны төмендету үшін ауқымды жұмыс жүргізген. Осылайша, газдың текше метрінің бағасы 45 теңгеге дейін төмендетілген.

Осылайша, елорда тұрғын аудандарында кварталішілік газбен жабдықтау желілерін салу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Железнодорожный тұрғын алабында 100%, Промышленный және Көктал-2 тұрғын алаптарында 95%, Көктал-1 тұрғын алабында 80% газ тарату желілері тартылған.

Бұл жұмыстар Агроқалашық, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында да жүзеге асырылады. Аталған тұрғын аудандар халқы, сондай-ақ Агроқалашық тұрғын алабының бір бөлігі алдағы жылыту маусымында үйлерін газбен жылытады. Ол үшін тұрғындар үйлерді газға қосудың техникалық шарттарын алуға фронт-кеңселерге хабарласуы керек. Жеке сектор тұрғындары үшін әкімдік есептегіштерді тегін ұсынады.

«Елорданы газдандыру — Елбасының тарихи жобасы. «Сарыарқа» газ құбырының оңтүстік аймақтан елордаға дейін 1000 шақырымнан астам жолы тартылды. Бұл өте үлкен жұмыс, жобаға миллиардтаған қаражат құйылды, ол уақыт өте келе қайтарылуы керек. Газдандыру қоршаған ортаны жақсартуға ғана емес, тұрғындардың денсаулығына пайдалы әсер етеді, сонымен қатар жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайларын айтарлықтай жеңілдетеді. Ақыр соңында, ұзақ қыс айларында бірнеше сағат сайын үйді жылытудың, көмір түсіріп, оны сақтаудың қажеті болмайды. Адамдар көміртегі тотығымен уланған жағдайлар болды. Бұл мәселелердің барлығы шешімін табады. Газ көмірге қарағанда салыстырмалы түрде қымбат, бірақ оның артықшылығы көп, ең алдымен бұл — қауіпсіз отын түрі. Сонымен қатар биыл біз ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де бірқатар қазандықтарды газға ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінеді, кезең-кезеңімен барлық тұрғын аудандар газға қосылады. Бұл мәселе Мемлекет басшысының бақылауында», — деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

ҚазАқпарат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі