jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды

16 қантар 2021, 14:43

Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды. Бұл туралы    қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Полиция мәліметінше, 16 қаңтар сағат 10.18-де полицияның кезекші бөліміне елордадағы спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Спорт кешенінің жаттықтырушысы бассейнде қозғалыссыз жатқан қызды көргені анықталды. Оны судан шығарып, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасай бастаған. Жедел медициналық жәрдем келген соң 21 жастағы қыздың қайтыс болғаны анықталды», — деді полицейлер.

Қайғылы оқиға кезінде бассейнде тағы төрт адам болған. Қыздың бассейнге бірреттік абонентпен барғаны белгілі болды.

Осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия