jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері автокөлік ұрысын ұстады

03 желтоқсан 2020, 18:05

Полиция қызметкерлері анықтағандай, 25 жастағы елорда тұрғыны тұрғынүй ауласында кілттерді іріктеу арқылы «Тайота» автокөлігінің салонына кіріп, бейнетіркеуіш пен антирадарды қолды еткен. Ұрланған мүлік соммасы 25 мың теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көлігінің ішіндегі мүлігінің ұрланғанын байқаған азамат полицияға шағымданды. Жедел-іздеу шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ер адам кінәсін мойындады. Осы жағдайға қатысты ҚР ҚК 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Антирадар мен бейнетіркеуіш тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу жүріп жатыр, оның астана аумағындағы осы секілді қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан аса мұқият болып, құнды заттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде