jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда өткен жарыста көрермендер жаппай төбелесті (видео)

05 ақпан 2020, 15:51

Жекпе-жек жүріп жатқанда көрермендер жақта төбелес басталып кеткен.

Қазақстан астанасында аралас жекпе-жектен өткен жарыста жаппай төбелес болды. Желіде бұл төбелестің видеосы жарияланып, оның шығу себебі де айтылған. «Бір команданың бапкері өз әріптесіне пышақ сілтеген көрінеді, төбелес содан басталған» делінеді видеода. Қазақстандағы ММА аралас жекпе-жек бойынша біріккен федерациясы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жекпе-жек жүріп жатқанда көрермендер жақта төбелес басталып кеткен. Видеодан рингтен тыс жерде екеудің бір-біріне қол сілтеп жатқанын көруге болады, біраз уақыттан соң күтпеген төбелеске басқалары да қосыла кетеді. «Иә, жарыс кезінде көрермендер арасында жанжал болды, бірақ ол арада пышақ болған жоқ. Сондықтан ол сөз ойдан шығарылған, жарыс кезінде ондай ештеңе болған жоқ. Сонымен қатар, осы іс-шарада тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған ішкі істер органдары қызметкерлері болды, олар бұл жайтты міндетті түрде тіркеген болар еді. Техникалық регламентке сәйкес, залға кіре берісте көрермендерді және барлық ойынға қатысушыларды тексеріп кірігізеді олар. Жарыста болған полиция қызметкерлері төбелесті тоқтатты, кейін мәселенің мән-жайын тексерді», — деді Қазақстандағы ММА аралас жекпе-жек бойынша біріккен федерациясының директоры Илья Кириченко. Жекпе-жектің неден туындағаны, әзірге белгісіз. Федерация төбелескендер арасында жаттықтырушылар, спортшылар немесе оның қызметкерлері болмағанын атап өтті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия