jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда онлайн сабақта оқушыларға порно көрсетілген

04 қыркүйек 2020, 15:07

Нұр-Сұлтан тұрғыны ZOOM-да математика сабағында бесінші сынып оқушыларына порнография көрсетілгеніне шағым түсірді.

Оның айтуынша, онлайн сабақ барысында оқушыларға порно көрсетілген. Facebook пен Instagram желілерінде бұл оқиғаға қатысты жазбалар пайда болды.

«Онлайн оқып жатқанымызға екінші күн болды. Алайда Zoom бағдарламасында жағымсыз жағдайлар болып жатыр. Неге сіздер 3 айда балалар дұрыс білім алатын қосымша жасамадыңыздар? Балам да, қалғандары да шок болды. Zoom қандай бағдарлама өзі? Неге балаларға дұрыс білім бере алмай жатырмыз», — дейді жазбаның авторы.

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы бұл оқиға 3 қыркүйекте болғанын растады.

«Бесінші сынып оқушыларын Zoom платформасында математика пәні өтіп жатқан кезде оқу процесіне бөгде адамдар араласқан. Олар балаларға ұятсыз слайдтар көрсетіп, балағат сөздер айтқан. Ата-аналардан және мұғалімнен хабарлама алғаннан кейін мектеп әкімшілігі олармен онлайн-кеңес өткізді. Оқушылармен чат және платформаларда жұмыс істеу кезінде этиканы сақтау туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді», — делінген хабарламада.

Басқарманың мәліметіне сәйкес, сол күні кешке ата-аналар балалардың телефонын тексерген. Бірақ одан нәтиже шықпаған.

Сондай-ақ, білім басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атына хат жолдағанын атап өтті.

 

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия