jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды

21 сәуiр 2022, 17:43

Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінде оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Елордалық полицияға қала тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен.

«Іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды. Биылғы жылдың 18 сәуірінде Жас жігіт аялдамада қызды кездестіргені анықталды. Автобуспен бірге жүріп, оның соңынан ерген. Үйінің кіреберісінде онымен таныспақ болады. Бірақ қыз қарсылық білдірген соң оны еркінен тыс қорламақ болған», — делінген хабарламада.

Ұсталған азаматқа айналасындағыларды құрметтемеу, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзу, кәмілетке толмаған қызды қорлау дерегі бойынша ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қабылдайды.

Сондай-ақ, құқық бұзушының денсаулығы туралы медициналық мекемеге сұрау жіберілді.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр