jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда оқушы қызға тиіскен азамат ұсталды

22 қыркүйек 2021, 16:42

Нұр-Сұлтандағы Рысқұлбеков көшесінде белгісіз ер адам оқушы қызға тиіскен. Оқиға орнына тәртіп сақшылары шұғыл түрде барды, деп хабарлайды Stan.kz.

Елорда полициясы департаментінің ақпаратынша, 21 қыркүйек сағат 19:21-де «102» пультіне Рысқұлбеков көшесінде (Нұр-Сұлтан қаласы) белгісіз ер адамның кәмелет жасқа толмаған қызға тиіскені жайлы хабарлама жеткен.

«Кешкі уақытта мектептен үйге келе жатқан кәмелетке толмаған қызға мас ер адамның тиіскені анықталды», — деп атап өтті полиция департаментіндегілер.

Аталған факті бойынша күдікті ретінде 25 жастағы ер адам ұсталды. Медициналық тексерісі нәтижесі бойынша, күдіктінің орташа ауыр деңгейде мас болғаны анықталды. Ол бұрын қылмыстық іс бойынша жауапқа тартылған, бірақ ішкі істер органының тізімінде жоқ.

Қазір тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Бұған дейін желіде ер адам баланы белгісіз бағытта әкетуге тырысқаны туралы ақпарат пайда болды. Қыз айғайлап көмек сұраған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қаша жөнелген, бірақ көршілер оны қуып жетіп, полиция шақырып, тәртіп сақшылары келгенге дейін жібермей ұстап отырған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия