jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда мәслихат хатшысы қамауға алынды

13 желтоқсан 2019, 17:00

Нұр-Сұлтанда LRT ісі аясында қалалық мәслихаттың хатшысы қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері айтты. «Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан әкімдігі басқармасының бұрынғы басшылары Р. Аманжолов, Ж. Нурпиисов және мердігерлік ұйымдардың үш басшысы қамауға алынды», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов брифинг барысында. Сондай-ақ, ведомство өкілі Жанат Нурпиисовтің Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы екенін айтты. Жергілікті мәслихаттың сайтындағы мәліметтерге қарағанда, мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов 1961 жылы 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Сұлышоқ ауылында дүниеге келген. 1998-2016 жылдары Астана қаласы Қаржы басқармасы басшысы сияқты қызметтерді атқарған.

Tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда