jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда маска тақпаған адамдарды автобустан түсірді

18 мамыр 2021, 15:28


Елордада жыл басынан бері қоғамдық көлікте маска тақпаған 5 мыңнан астам адам анықталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бүгінде қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қолданылады. Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексереді. Өкінішке қарай, маска тақпайтын, тағудан бас тартатын жолаушылар кездеседі. Жыл басынан бері Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған 5 мыңнан астам жолаушыны анықтады. 1665 адам автобустан түсірілді. «Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтау туралы тағы да ескертеміз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», — делінген департамент хабарламасында.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия